17 наурыз 2019 11:44

Қазақстандық боксшы аргентиналықты нокаутқа түсірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрзат Сабыров (сол жақта) және Сезар Рейносо. © Eye of the Tiger Management Нұрзат Сабыров (сол жақта) және Сезар Рейносо. © Eye of the Tiger Management

Екінші орта салмақта өнер көрсетіп жүрген қазақстандық боксшы Нұрзат Сабыров аргентиналық Сезар Рейносоны техникалық нокаутпен жеңді, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Екінші орта салмақта өнер көрсетіп жүрген қазақстандық боксшы Нұрзат Сабыров аргентиналық Сезар Рейносоны техникалық нокаутпен жеңді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Жекпе-жек Канаданың Монреаль қаласында өтті. Онда басты кездесуде Батыр Жүкембаев пен мексикалық Хильберто Меса жұдырықтасады. 

Сабыров - Рейносо жекпе-жегі сегіз раундқа есептелген. Алтыншы үш минутта қазақстандық боксшы қарсыласын нокдаунға түсірді, ал жетінші кезеңде ол аргентиналықты соққының астына алып, кездесуді мерзімінен бұрын аяқтады. 

25 жастағы Сабыров осылайша тоғызыншы жекпе-жегінде (сегіз нокаут) тоғызыншы рет жеңіске жетті. Ал 32 жастағы Рейносо болса 12-ші рет жеңіліске ұшырады, ол бұрындары 15 кездесуде жеңімпаз атанып, төрт кездесуде қарсыласымен тең түскен. 

Сабыров 2018 жылы алғаш рет кәсіпқой шаршы алаңда өнер көрсетті. Жүкембаев секілді ол барлық жекпе-жегін Канадада өткізді, себебі оның мүддесін жергілікті Eye of the Tiger Management промоутерлік компания жүргізеді. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети