30 наурыз 2019 11:01

Қазақстандық боксшы Асхат Уәлиханов АҚШ-тағы жекпе-жегі алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық боксшы Асхат Уәлиханов (4-1, 2 КО) 30 наурызда АҚШ-тың Пенсильвания штатында өтетін Гвоздик - Нгумбу бокс кешінің алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтті, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Қазақстандық боксшы Асхат Уәлиханов (4-1, 2 КО) 30 наурызда АҚШ-тың Пенсильвания штатында өтетін Гвоздик - Нгумбу бокс кешінің алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтті, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Қазақстандықтың қарсыласы - пуэрторикалық 27 жастағы Хосе Лопес (11-1, 9 КО). Жартылай орта салмақта өтетін кездесу сегіз раундқа жоспарланған. 

Уәлихановтың салмағы - 141,3 фунт (64,09 келі), Лопестікі - 141,5 (64,1 келі).

Бокс кешінің басты кездесуі - украиналық Александр Гвоздик (16-0, 13 КО) пен француз боксшысы Дуду Нгумбу (38-8, 14 КО) жекпе-жегі.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети