Қазақстандық боксшы Бекман Сойлыбаев екінші жеңіл салмақ дәрежесінде WBC International белбеуін жеңіп алды. Чемпиондық белбеуді ол бүгін Мексикада ванесуэлалық боксшы Самуэль Гонсалеске қарсы өткізген жекпе-жегінде иеленді, - деп хабарлайды Vesti.kz сайты Diamondring.kz басылымына сілтеме жасап.

Кездесу Чиуауа қаласындағы Омар Чавес пен Рамон Альварестің жекпе-жегінің андеркартында өтті. Жекпе-жек 10 раундқа созылды, оның қорытындысында Бекман қазылар алқасының шешімімен жеңіске жетті.
Кездесу барысында Сойлыбаев өте белсенді болды, дәл соққылар жасап, Гонсалестің қорғанысындағы осал тұстарды іздеді. Екінші раундтың соңында қазақстандық боксшы қарсыласының бауырына күшті соққы жасады. Алайда венесуэлалық боксшы гонгқа дейін шыдады. Кейін "Diamond Ring" бокшысы кездесу барысында басымдығын көрсетіп, дәл соққылар жасай білді. Самуэль көп жағдайа мүлт кетіп жатты және ашықтан-ашық Сойлыбаевтан қашып жүрді. Жекпе-жек қорытындысында қазылардың біреуі ғана венесуэлалық боксшыға жеңісті берсе, қалған екеуі қазақстандық жеңді деп шешім шығарды.
Осылайша Бекман Сойлыбаев кәсіпқой бокстағы 11-ші жеңісіне қол жеткізді. "Diamond Ring" промоутерлік компаниясының боксшысы жеңіліп көрмеген.