28 қаңтар 2020 | 18:01

Қазақстандық боксшы келесі жекпе-жегіне дайындықты қайда өткізетіні белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© 24.kz © 24.kz

Екінші орта салмақта жұдырықтасып жүрген Айдос Ербосынұлы (13-0, 9 КО) мен жартылай орта салмақтағы Нұрсұлтан Жаңабаевтың (8-0, 5 КО) келесі жекпе-жектеріне арналған жаттығу лагері қашан басталатыны белгілі болды, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Иконка комментария блок соц сети

Екінші орта салмақта жұдырықтасып жүрген Айдос Ербосынұлы (13-0, 9 КО) мен жартылай орта салмақтағы Нұрсұлтан Жаңабаевтың (8-0, 5 КО) келесі жекпе-жектеріне арналған жаттығу лагері қашан басталатыны белгілі болды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Боксшылар 10 ақпан Алматыда жаттыға бастайды. Бірінші жаттығу жиынынан кейін қазақстандық кәсіпқойлардың келесі жекпе-жектерінің орны мен уақыты белгілі болады.

Айта кетейік, Жаңабаев жарақат салдарынан 21 желтоқсанда Красноярда өткен бокс кешінде венесуэлалық Эрнесто Эспаномен (30-2-1, 25 КО) белгіленген жекпе-жекке шыға алмады. Осы шоуда Ербосынұлы өзге венесуэлалық боксшы Омар Гарсияны (15-3, 12 КО) нокаутқа түсірді. 

Еске салайық, Ербосынұлында екінші деңгейлі WBA Inter-Continental, WBO Global және WBC Asia белбеулері бар. Ал Жаңабаевта аймақтық WBA Inter-Continental мен WBO Oriental титулдары бар. Екі боксшының да ісін Suleimen Promotions компаниясы жүргізеді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети