Қазақстандық боксшы мексикалық "Тайсонды" жеңді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық боксшы мексикалық "Тайсонды" жеңді © Eye of the Tiger Management

Қазақстандық боксшы Нұрзат Сабиров кезекті жеңісіне жетті, - деп хабарлайды Vesti.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық боксшы Нұрзат Сабиров кезекті жеңісіне жетті, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұл жолы Канаданың Римуски қаласында ол 30 жастағы мексикалық "Тайсон" лақапаты бар Рикардо Адриан Луна Флоресті жеңді. Жартылай ауыр салмақтағы жекпе-жек жоспарланған сегіз раундқа созылды, оның қорытындысы бойынша төрешілер бірауыздан жеңісті Сабировқа берді.

26 жастағы қазақстандықтың бұл 11 жекпе-жектегі 11-жеңісі (оның тоғызын мерзімінен бұрын аяқтаған). Ал Флорес сегізінші рет жеңіліске ұшырады, оның қоржынында 22 жеңіс (14 нокаутпен) және бір тең нәтиже бар. 

Айта кетейік, Нұрзат Сабиров BoxRec сайтының мәліметтеріне сәйкес, Қазақстанның үздік боксшыларының ондығына кірді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети