Қазақстандық боксшы Бекман Сойлыбаев кәсіби бокстағы бесінші жеңісіне қол жеткізді, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Қазақстандық боксшы Бекман Сойлыбаев кәсіби бокстағы бесінші жеңісіне қол жеткізді, - деп хабарлайды Vesti.kz.
24 жастағы Сойлыбаев мексикалық боксшы Серхио Нахерге қарсы шықты. Diamondring.kz басылымының мәліметінше, жекпе-жек басталғаннан бері Сойлыбаев соққы жасауға кірісті. Қазақстандықтың соққысы дәл тиіп, қарсыласы құлады. Мексикалықтың ары қарай төбелесе алмайтынын көрген төреші жекпе-жекті 38-ші секундта тоқтатты. Толығырақ мына жерден оқыңыздар.
Бұған дейін Бекман Сойлыбаев Лос-Анджелесте Fight Night MMA and boxing аясында өткен жекпе-жекте жеңіске жеткен болатын. Қазақстандық кәсіби боксшы ринг қожайыны, америкалық Хосе Гомеспен кездесті. Алты раундқа жоспарланған кездесу үшінші раундта аяқталды - Сойлыбаев қарсыласын нокаутқа жіберді.