Қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов әке атанды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов әке атанды Фото: instagram.com/sadriddin_____soq

Бірінші орта салмақтағы қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов әке атанды. Бұл туралы Eye Of The Tiger Management промоутерлік компаниясы хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бірінші орта салмақтағы қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов әке атанды. Бұл туралы Eye Of The Tiger Management промоутерлік компаниясы хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz басылымына сілтеме жасап.

Компания өкілдері ерлі-зайыптыны қуанышымен құттықтай отырып, боксшының Eye of the Tiger-мен келісімшарт мерзімін ұзартқанын хабарлады.

"Біз Садриддин Ахмедовке қатысты екі керемет жаңалықты жариялаймыз. Садриддинді және жақында ғана босанған жұбайын құттықтаймыз! Сонымен қатар, Садриддин Eye of the Tiger-мен келісімшартты ұзартты. Біз осы еңбекқор, мақсаты бар, талантты боксшымен серіктес екенімізді мақтан тұтамыз және қуанамыз!" - делінген компания хабарламасында.

Айта кетейік, Ахмедов 2019 жылы KeshYou тобының бұрынғы солисі Ақбота Құрманғалимен отау құрған болатын. Олар Квебекте (Канада) тұрады.

Кәсіпқой рингке боксшы 2018 жылы шықты. Үш жыл ішінде ол 12 жекпе-жек өткізді, олардың бірі Қазақстанда, қалғандары Канадада өтті.

Оның соңғы жекпе-жегі 29 қаңтарда Мексикада болды. Төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен Ахмедов голландиялық Стивен Даньоны (17-4-3, 6 КО) жеңіп, бірінші орта салмақта WBA Continental, NABF және WBC Francophone белбеулерін жеңіп алды.

2020 жылдың ақпанында Садриддин Ахмедов Қазақстанның үздік боксшылары ондығына кірді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети