28 қаңтар 2018 | 13:03

Қазақстандық боксшының АҚШ-тағы жекпе-жегі өтпей қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Арман Рысбек. © Facebook Арман Рысбек. © Facebook

Қазақстандық боксшы Арман Рысбектің кәсіпқой шаршы алаңдағы алғашқы жекпе-жегі өтпей қалды, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандық боксшы Арман Рысбектің кәсіпқой шаршы алаңдағы алғашқы жекпе-жегі өтпей қалды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Рысбектің қарсыласы америкалық Хаким Аткинсон (2-9, 1КО) болуы тиіс еді. Төрт раундтық жекпе-жек 75 келіге дейінгі салмақта, Орландода (АҚШ) өтуі тиіс болған.

- Қарсылас жекпе-жекке келмеді, - деп хабарлады Рысбек.

-Сен рингке шығып, ол шықпады ма?

- Жоқ, ол мүлде келмеді.

- Келмегені үшін жекпе-жек өтті деп есептеле ме?

- Жоқ.

Айта кетейік, Рысбектің кәсіпқой шаршы алаңдағы жекпе-жегі осымен екінші рет болмай қалды, бұған дейінгі кездесуі 2017 жылдың 1 желтоқсанына жоспарланған болатын, алайда қарсыласы жарақатына байланысты рингке шықпады.

Дүниежүзілік бокс сериясының өткен маусымында Арман Рысбек "Астана Арланспен" бірге "Куба Домадорес" командасын финалда жеңіп, турнирді ұтып алды. 27 жастағы боксшы елордалық клубтың атынан жеті рет жекпе-жекке шығып, олардың бесеуінде жеңіске жетті.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети