Қазақстандық боксшының "көз ілеспес нокауты" жұртты тәнті етті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық боксшының "көз ілеспес нокауты" жұртты тәнті етті ©instagram.com/boxingkazakhstan

Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) әлем чемпионы қазақстандық Дина Жоламанның 2022 жылғы әлем чемпионатындағы жекпе-жегін атап өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) әлем чемпионы қазақстандық Дина Жоламанның 2022 жылғы әлем чемпионатындағы жекпе-жегін атап өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Турнирдің алғашқы кезеңінде Жоламан испаниялық Мария дель Кармен Мадуэноны ұпай санымен жеңген еді. Жекпе-жек кезінде операторлар қазақстандық боксшы жәндікті "нокаутқа түсірген" сәтін түсіріп алған.

"Бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионаты кезінде боксқа ешкім бейжай қарамайды. Чемпионатты тамашалау үшін ең жақсы жерді таңдаған мына кішкентай жанкүйерге қараңызшы", - деп жазды ұйымның баспасөз қызметіндегілер.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от IBA - Boxing (@aiba_official)

Жоламан 54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ширек финалда серб Елена Зекичті жеңіп, Қазақстан қоржынына бесінші медальді салған еді.

Бұған дейін Алуа Балқыбекова (48), Жайна Шекербекова (52), Карина Ибрагимова (57) мен Валентина Хальзова (70) жартылай финалға шыққан болатын.

Одан бөлек жеті боксшымыз үшін Ыстамбұлдағы әлемдік дода аяқталды: Назым Қызайбай (50), Римма Волосенко (60), Аида Әбікеева (63), Дариға Шәкімова (66), Надежда Рябец (75), Гүлсая Ержан (81) мен Ләззат Күнгейбаева (+81).

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети