Қазақстандық бокстың келесі супержұлдызы кім? Танымал промоутер жауап берді

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық бокстың келесі супержұлдызы кім? Танымал промоутер жауап берді ©reviewjournal.com

Top Rank промоутерлік компаниясының басшысы Боб Арум Жәнібек Әлімханұлының (11-0, 7 КО) алдағы жекпе-жегін жариялап, оны қазақстандық бокстың келесі супержұлдызы деп атады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Top Rank промоутерлік компаниясының басшысы Боб Арум Жәнібек Әлімханұлының (11-0, 7 КО) алдағы жекпе-жегін жариялап, оны қазақстандық бокстың келесі супержұлдызы деп атады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Жәнібек Әлімханұлы Лас-Вегаста (АҚШ) өтетін жекпе-жекте ұлыбританиялық Дэнни Дигнуммен WBO нұсқасы бойынша "уақытша" әлем чемпионы атағына таласады.

"Сенбі күні Resorts World Las Vegas стадионында қазақстандық келесі супержұлдыз Жәнібек Әлімханұлы орта салмақтағы WBO тұжырымы бойынша "уақытша" әлем чемпионы атағы үшін Дэнни Дигнуммен кездеседі. Бұл ESPN және ESPN+ арналарының тікелей эфирінде көрсетіледі", - деді Арум Twitter-де.

Айта кетейік, титулдық жекпе-жек 22 мамырда "Хабар" телеарнасының тікелей эфирінде көрсетіледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети