11 қаңтар 2019 11:32

Қазақстандық спортшы АҚШ-та бокс кешінің басты жекпе-жегінде жұдырықтасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық кәсіпқой боксшылар Мадияр Әшкеев (10-0, 6 КО) пен Мейірім Нұрсұлтанов (9-0, 7 КО) АҚШ-тың Санта-Инес қаласында жекпе-жек алдында салмақ өлшеу рәсімін өткізді, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Қазақстандық кәсіпқой боксшылар Мадияр Әшкеев (10-0, 6 КО) пен Мейірім Нұрсұлтанов (9-0, 7 КО) АҚШ-тың Санта-Инес қаласында жекпе-жек алдында салмақ өлшеу рәсімін өткізді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

10 раундты жекпе-жекте Әшкеев пуэрторикалық Луис Эрнандеспен (16-6, 9 КО) жұдырықтасады. Қос боксшы да өлшеу кезінде орта салмақтың лимитіне 154 фунтов (69,85 келі) дәл түсті.

Нұсрсұлтанов болса, мексикалық Рамон Агинагимен (13-1, 9 КО) сегіз раундты кездесу өткізеді. Қазақстандық 161,8 фунт, ал қарсыласы - 167,6 фунт болды. Айырмашылық айтарлықтай - 73,391-ге қарсы 76,022 келі. Орта салмақ лимиті 160 фунт, алайда, титулды емес жекпе-жектерде мұндайға аса назар аудармайды екен.


Мейірім Нұрсұлтанов пен Мадияр Әшкеев

Санта-Инестегі бокс кешінде бес кездесу өтеді. Бұл шоудың басты кездесуінде Әшкеев шығады. Астана уақыты бойынша бокс кеші қаңтардың 11-нен 12-не қараған түні басталады.

Еске салайық, Әшкеев пен Нұрсұлтановтың ісін америкалық Main Events промоутрелік компаниясы мен менеджер Эгис Климас жүргізеді. Бұл компания мен менеджер танымал боксшы әлемнің бұрынғы чемпионы ресейлік Сергей Ковалевпен (32-3-1, 28 КО) де істес екенін айта кетейік.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети