Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері, қазақстандық Сұлтан Зәуірбек кәсіпқой рингте алғаш рет жұдырықтасты деп хабарлайды, - Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

21 жастағы қазақстандық спортшы алғашқы жекпе-жегін Лондонда никарагуалық Хосе Агилармен өткізді. Екінші жартылай жеңіл салмақтағы жұдырықтасу төрт раундқа созылды, нәтижесінде Зәуірбек 40:34 есебімен жеңіске жетті. 12 минут ішінде ол қарсыласын екі рет нокдаунға жіберді.
Нәтижесінде 34 жастағы Агилар карьерасындағы 53-ші жеңіліске ұшырады, оның еншісінде 16 жеңіс пен төрт тең көрсеткіш бар.
Мұның алдында сол кәсіпқой бокс кешінде тағы бір қазақстандық жігіт жартылай орташа салмақта алғаш рет рингке шыққан. 24 жастағы Нұртас Ажбенов никарагуалық Элджио Паласиосаны (7-32-5, 0 KO) ұпай бойынша жеңді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram