"Қазақстан" ұлттық арнасы Геннадий Головкиннің жақын арада өтетін екі жекпе-жегін тікелей эфирден көрсету құқығына ие болды. Бұл туралы Massaget.kz басылымы "Қазақстан" ТРК баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлады.

17 мамыр күні таңғы уақытта "Қазақстан" телеарнасы мамыр айындағы басты жекпе-жектердің бірі - орта салмақтағы WBA, WBC (Interim) және IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы, қазақстандық Геннадий Головкин мен орта салмақта Boxcino 2014 турнирінің жеңімпазы, 28 жастағы кіші Вилли Монро арасындағы кездесуді Лос-Анджелес қаласынан тікелей эфирде көрсетеді.
Лос-Анджелестің (АҚШ) 17 мың адамға арналған The Forum аренасынан үлкен бокс кеші 17 мамыр күні сағат 7.00-де "Қазақстан" телеарнасынан көрсетіледі. Қос боксшының жекпе-жегі шамамен таңғы 9.00-де көрсетіледі. Көрсетілімнің қайталаулары 17 мамыр күні күндізгі уақытта және 18 мамыр күні кешкі уақытта Кazsport телеарнасынан көрсетіледі.
Геннадий Головкиннің екінші жекпе-жегі, болжам бойынша, қыркүйек айына жоспарланып отыр. Нақты күні, өткізілетін орны және қарсыласының есімі әзірше белгісіз. Бұл жекпе-жекті де қазақстандықтар ұлттық арнадан тамашалай алатын болады.