07 қазан 2016 | 09:16

Қазақстаннан шыққан неміс боксшысы Головкинды жеңгенін мәлімдеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстаннан шыққан неміс боксшысы Эдуард Гуткнехт Геннадий Головкинды қалай жеңгенін айтып берді, - деп хабарлайды Boxing News.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстаннан шыққан неміс боксшысы Эдуард Гуткнехт Геннадий Головкинды қалай жеңгенін айтып берді, - деп хабарлайды Boxing News.

Гуткнехттің айтуынша, бұл оқиға Германиядағы Chemie Pokal турнирінде болған. "Бұл жекпе-жекке аутсайдер ретінде шықтым, алайда Головкинды ұпай айырмасы бойынша жеңдім. Бұл менің бірінші кездесуім еді, ал кейін мен турнирде жеңімпаз атандым", - деді боксшы. 

Оның пікірінше, Головкинмен жекпе-жек ең ауыры болған. "Сақ болуға тырыстым. Ол өте күшті соққылар жасады. Көп қозғалуға мәжбүр болдым, бірақ екі жақсы соққы жасай білдім, осыдан кейін Головкинның соққыларына төтеп беруім тиіс болды. Геннадий - менің досым, оның қазір істеп жүргендері адам нанғысыз, мұнда мәселе оның жеңістері жайлы ғана емес, ол - машина", - деді Гуткнехт.

Эдуард Гуткнехт Оңтүстік Қазақстан облысы Жетісай қаласында дүниеге келген. Алайда ол 11 жасында отбасымен Германияға көшіп кеткен. Бокспен 13 жастан бастап айналысқан. Кәсіпқой бокста ол 34 жекпе-жек өткізіп, оның 29-ында жеңіске жеткен, ал 12-сін нокаутпен аяқтаған.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети