22 желтоқсан 2019 13:04

Қазақтың жеңілмеген балуаны "венесуэлалық зымыранды" тізе бүктірді

Екінші орта салмақтағы WBO Global, WBC Asia және WBA Inter-Сontinental белбеулерінің иегері, қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлы "Зымыран" лақапатымен белгілі венесуэлалық Омар Гарсияны жеңді, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

10 раунд форматындағы жекпе-жек Красноярск қаласында болды. Сегізінші раундта аяқталған ұрыста Айдос Ербосынұлы техникалық жеңіске жетті. 

Бұл - 28 жастағы боксшының кәсіпқой рингтегі он үшінші жекпе жегі еді. Бұл жолғы жекпе-жегі боксшының Ресейдегі екінші ойыны. Бокс мансабын Айдос Ербосынұлы 2015 жылы Украинада бастаған. Одан кейін екі рет АҚШ-та, алты рет Қазақстанда және бір рет Аустралияда жұдырықтасқан. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети