Бірінші орта салмақта WBO чемпионы Хайме Мунгия (31-0, 26 КО) қазақстандық Геннадий Головкинмен (38-1-1, 34 КО) жұдырықтасқысы келетінін мәлімдеді. Бұл туралы ол Деннис Хоганмен (28-1-1, 7 КО) 13 сәуірде өтетін жекпе-жек алдындағы баспасөз мәслихатында айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Өзімді №1 сезінемін. Головкинмен кездесу өткізсек, не боларын ешкім білмейді. Бір жыл бұрын да дайын едім, ал енді өзімді одан да күшті сезініп отырмын. Қазір бар назарым 13 сәуірдегі жекпе-жекте. Осыдан кейін Головкинмен жұдырықтасуға қуанышты болар едім", - дейді Мунгуя.
Еске салайық, Мунгуя 2018 жылы мамырда Головкинге қарсылас болуы керек еді. Алайда Невада штатының Атлетикалық комиссиясы мексикалықтың тәжірибесі жеткіліксіз екенін айтып, GGG-мен жұдырықтасуға тыйым салған еді.
Геннадий Головкиннің келесі жекпе-жегі қайда өтеді?
Айта кетейік, Мунгуя мен Головкин DAZN стриминг қызметімен келісімшартта. Екі боксшының келісімі үш жылға есептелген.