Кіші Чавес Головкиннің қарсылас таңдауына ыза болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Кіші Чавес Головкиннің қарсылас таңдауына ыза болды ©boxingplanet.ru

Орта салмақта бұрынғы чемпион кіші Хулио Чавес қазақстандық Геннадий Головкинді келесі қарсылас ретінде америкалық Вилли Монроны таңдағаны үшін сынады, - деп хабарлайды Allboxing.ru

ПОДЕЛИТЬСЯ

Орта салмақта бұрынғы чемпион кіші Хулио Чавес қазақстандық Геннадий Головкинді келесі қарсылас ретінде америкалық Вилли Монроны таңдағаны үшін сынады, - деп хабарлайды Allboxing.ru

"Меніңше, Головкин ауыр салмаққа немесе екінші орта салмаққа көтеріліп, жақсы қарсыластар - Фрочпен немесе Абрахаммен жұдырықтаса алады. Орта салмақта Питер Куиллинмен немесе Энди Лимен кездесе алады. Бұл жігітті неге таңдағанын білмеймін. Головкин неге тәуекелге бармайды, түсінбеймін. Монро сияқтылармен жұдырықтасқанда қауіп аз. Мен, мысалы бір жыл үзілістен кейін ауыр салмақта чемпион Адонис Стивенсонды нокдаунға түсірген Фонфараға қарсы шықтым. Мен кездесулерді жанкүйерлерім үшін өткізгенді жақсы көремін", - деді кіші Чавес. 

Боксшының өткен жылы Головкинмен кездесуге мүмкіндігі болған, бірақ промоутермен мәселелер туындап, кездесу болмай қалды.

"Кездесу болмай қалды, сол кезде промоутермен мәселелер туындап қалды. Мен сол кездесуді өткізуге дайын едім", - деді Чавес.  

Еске салайық, 16 мымырда Головкин америкалық Вилли Монромен жұдырықтасады. Ал кіші Чавес 18 сәуірде поляк боксшысы Анджей Фонфарамен кездеседі.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети