Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.58
EUR / KZT - 390.38
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.63

Қиыр Шығыста бес боксшымыз финалға шықты

16 Мамыр 2014, 16:01
0
Фото fbhk.ru сайтынан
Фото fbhk.ru сайтынан

Хабаровскіде өтіп жатқан, Кеңес Одағының Батыры Константин Коротковты еске түсіруге арналған халықаралық турнирде бүгін бес боксшымыз финалға шықты, деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР бокс федерацияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

49 келі салмақ дәрежесінде бақ сынап жатқан Жомарт Ержан Индонезия үміті Вангуланг Корнелиусты жеңді. Ал 52 келідегі Әділет Құрметов Солтүстік Корея боксшысы Хук Чунг Кимді жолынан тайдырды. 81 келіде ел намысын қорғаған Дәурен Елеусінов Әзірбайжан қыраны Рауф Рагимовты үйіне қайтарды. Бұл үш жекпе-жек 2:1 есебімен аяқталды.

Ал енді екі боксшымыз өз қарсыластарын есеңгіретіп, техникалық нокаутпен жеңіске жетті. 64 келідегі Айдар Әмірзақов екінші раундта Оңтүстік Корея боксшысы Бьюн Квук Окты уақытынан бұрын берілуге мәжбүр етті. Ал 75 келідегі Жәнібек Әлімханұлы үшінші раундта тәжік тарланы Хаум Азизовты жекпе-жек аяқталмай жатып, мерзімінен бұрын жеңді.

Ертең тағы да төрт жігітіміз жартылай финалдық жекпе-жектерін өткізеді:

56 келі: Ержан Ордабаев – Турал Ахмедов (Әзірбайжан),
69 келі: Сағадат Рахманқұлов – Парвиз Багиров (Әзірбайжан),
91 келі: Антон Пинчук – Сергей Радченко (Украина),
+91 келі: Нұржан Бекзатов – Делавари Ясема (Иран).


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай