16 қараша 2014 15:35

Кличконы "қызға" теңеген болгар боксшысы жеңіліске "тояр" емес

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото korrespondent.net сайтынан Фото korrespondent.net сайтынан

 Болгария боксшысы Кубрат Пулев WBA, WBO, IBF және IBO тұжырымдары бойынша ең ауыр салмақтағы әлем чемпионы, украин Владимир Кличкодан жеңіліп қалған соң, қарсыласының тек жолы болып, бағы жанды деп санайтындығын білдірді, деп жазады Vesti.kz. Әрі Украина боксшысымен қарымта кездесу болатындығына сенім білдірген.

"Владимир - тамаша қарсылас, бірақ оның жолы болды. Мен онымен рингте тағы да кездескім келеді. Келесі жолы мен жеңемін", - депті болгар боксшысы. Пулев сондай-ақ Владимир Кличконы "дөрекі әдістер қолданып, спортқа сай келмейтін қылықтар көрсетті" деп жазғырған.

Бұған дейін Владимир Кличко өз атақтарын абыоймен қорғап, болгар боксшысы Кубрат Пулевті нокаутпен жеңді деп хабарланған. 38 жастағы Владимир Кличко 33 жастағы Кубрат Пулевті бесінші раундта нокаутқа түсірді. Бірінші раунда болгар боксшысы Кличконың сол қолымен ұрған пәрменді хуктарына төтеп бере алмай, екі рет нокдаун алды. Содан соң үшінші раундта еденге сұлап та түсті. Бесінші раундта Пулев шабуылдап, бірнеше соққысы діттеген жеріне дәл тигізген де еді. Алайда іле-шала Кличко оны сол қолымен шиіре ұрып (хук), жойқын соққысымен сұлатып салды.

Айта кетейік, осы кездесу алдындағы баспасөз жиынында Пулевті өз командасымен бірге өткізбеген еді. Сол үшін ол Кличконың атына біраз ауыр сөзде айтқан болатын. "Онда чемпион болу үшін не қажетті, соның бәрі бар, бірақ онда батылдық жоқ. Ол қыз сияқты", - деген-ді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети