31 мамыр 2017 | 09:27

Ковалев Головкиннің Альвареспен қалай спарринг өткізгені жайлы айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жартылай ауыр салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы Сергей Ковалев (30-1-1, 26 КО) қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) мен мексикалық Сауль "Канело" Альварестің (49-1-1, 34 КО) спаррингі жайлы кейбір мән-жайды айтып берді.


Иконка комментария блок соц сети

Жартылай ауыр салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы Сергей Ковалев (30-1-1, 26 КО) қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) мен мексикалық Сауль "Канело" Альварестің (49-1-1, 34 КО) спаррингі жайлы кейбір мән-жайды айтып берді.

"Мен олардың Big Bear лагеріндегі спаррингін көргенмін. Өте қызық болды, тамаша жекпе-жек болды. "Канело" қарымта соққылар жасаса, Головкин оған қысым түсірумен болды. Алайда "Канело" өте жас болды, тинейджер сияқты. Енді ол есейді, күш келді. Бұл оған Геннадиймен жұдырықтасқанында қажет болады", - деді Ковалев FightHype.com басылымына берген сұхбатында. 

Осыған дейін ресейлік боксшы 16 қыркүйекте өтетін Головкин - "Канело" жекпе-жегіне болжам жасаған еді. Айтуынша, өз досы Головкинге сенетінін және жеңіске жеткенін қалайтынын айтқан болатын.

Еске салайық, Головкин мен Альварес 2011 жылдың мамырында Big Bear лагерінде спарринг өткізген еді. Сол уақытта мексикалық бар болғаны 21 жаста еді. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети