Ковалев Канелодан жеңілгеннен кейінгі алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ковалев Канелодан жеңілгеннен кейінгі алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті ©Reuters

Ресейлік Сергей Ковалев екі жылдық үзілістен кейін кәсіпқой боксқа оралып, жеңіске жетті, - деп хабарлайды Vesti.kz

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ресейлік Сергей Ковалев екі жылдық үзілістен кейін кәсіпқой боксқа оралып, жеңіске жетті, - деп хабарлайды Vesti.kz

Ковалев кәсіпқой бокстағы кейінгі кездесуін 2019 жылы өткізіп, мексикалық Сауль Канело Альварестен жеңіліп қалған еді. Содан бері ресейлік боксшы шаршы алаңға шықпаған. 

Араға екі жыл салып 39 жастағы боксшы бүгін бірінші ауыр салмақта өнер көрсетті. Оның қарсыласы болгариялық Тервел Пулев болды. 

Калифорния штаты Инглвуд қаласындағы The Forum спорт кешенінде өткен жекпе-жекте Ковалев пен Пулев 10 раунд жұдырықтасты. Оның қорытындысы бойынша төрешілер 98-92, 98-92 и 97-93 есебін тіркеп, жеңісті ресейлік боксшыға берді. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети