IBF, WBA және WBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы, ресейлік боксшы Сергей Ковалев (30-0-1, 26 КО) WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы, қазақстандық Геннадий Головкинның (36-0, 33 КО) оны спарринг кезінде нокдаунға түсіргені туралы қауесеттерге қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Осыған дейін ауыр салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы ұлыбританиялық боксшы Джонни Нельсон Головкинның Ковалевты залда нокаутқа түсіргені жайлы айтқан болатын. Кейінірек ресейлік боксшының бапкері Дэвид Джексон де айтылған сөздерді растады. Ал Ковалевтің промоутері Кэти Дува бұл жаңалықты Головкин - Брук жекпе-жегінің промоутерлері ресейлік боксшының арқасында өздерін атын шығармақ болған әрекеті деп атады.
Алайда Ковалевтің өзі нокдаунның болмағанын және ешкімнің де бұған сенбеуін сұрайды.
Басылымның "Фредди Роучтан бастап Абель Санческе дейін барлығы Головкин екеулерініздің араларыңызда өткен спаррингтерде ол сізден асып түсіп, тіпті нокаутқа түсіріп жіберді. Осы жайлы айтып бере аласыз ба?" деген сұрағына Ковалев "Сіз мұны өз көзіңізбен көрдіңіз бе? Мұндай қауесеттерге сенбеңіздер" деп жауап қайтарды.
Дегенмен Ковалев Головкинның оны нокаутқа түсіргені туралы қауесеттің кімнің таратып жүргенін түсіндіріп айтқысы келмеді. "Егер сіздер Головкинның мені нокаутқа түсіргені көрсетілген видеоны көрген соң ғана сол туралы сөйлесеміз. Спаррингтерде түрді жағдайлар болады. Біз биші де жүзуші де емеспіз, біз - боскшылармыз. Сондықтан да бокста түрлі жағдайлар болады. Егер де бокста біреу екіншісін соқса, мұнда тұрған ештеңе жоқ. Әдеттегі жағдай", - деді Ковалев.