Кіші Чавес Геннадий Головкинді күлкі етуге тырысты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Кіші Чавес Геннадий Головкинді күлкі етуге тырысты ©Vesti.kz

Орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы кіші Хулио Сезар Чавес WBA (Super), IBO және WBC Interim тұжырымдары бойынша осы салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкинді күлкі етуге тырысты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы кіші Хулио Сезар Чавес WBA (Super), IBO және WBC Interim тұжырымдары бойынша осы салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкинді күлкі етуге тырысты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Кіші Чавес пен Головкин арасында жекпе-жек өтуі мүмкін екені жайлы қауесет бұрыннан бар. Боксшылардың өздері бұл жайлы бірнеше рет пікір білдірген. Мексикалық боксшы жекпе-жекті уақытынан бұрын аяқтайтынын айтып, миллион долларға бәстесуге дайын екенін де айтқан.

Кіші Чавес Instagram желісіндегі парақшасына Головкинмен төбелесіп жатқан видеосын салды. Боксшы өз соққыларына Головкиннің жауап қайтара алмағандығын айтып, оны күлкі етуге тырысты. 

Бұған дейін Головкиннің жаттықтырушысы Абель Санчес шәкірті мен канадалық боксшы Давид Лемье арасындағы жекпе-жекті көргісі келетінін айтқан. Ал канадалық боксшы Головкинге қарсы жекпе-жекке дайын екенін, одан сескенбейтінін білдірген.  "Орта салмақта басқа да боксшылардан ұсыныс күтіп жүрмін. Дегенмен Геннадий Головкин тарапынан мұндай ұсыныс түсіп жатса, мен қуана қабылдаймын", - деді Лемье.

Айта кетейік, Геннадий Головкиннің келесі жекпе-жегі 16 мамыр күні Лос-Анджелес қаласында өтеді. Жерлесіміздің бұл жолғы қарсыласы Boxcino 2014 турнирінің орта салмақтағы жеңімпазы кіші Вилли Монро болмақ.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети