Кіші Мейвезер Головкиннен қорқады - Ларри Мерчант

09 Қыркүйек 2015, 09:38
0
Кіші Мейвезер Головкиннен қорқады - Ларри Мерчант - Ларри Мерчант. © Аllboxing.ru
Ларри Мерчант. © Аllboxing.ru

Америкалық танымал сарапшы және НВО телеарнасының бұрынғы комментаторы Ларри Мерчант қазіргі заманның үздік боксшысы ағылшын кіші Флойд Мейвезер қазақстандық Геннадий Головкиннен қорқады, сондықтан онымен жұдырықтаспайды деп мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz порталы Vringe.com басылымына сілтеме жасап.

"Мен не болып жатқанын мүлде түсінбеймін. Неге ол жекпе-жекті біреулердің көруі тиіс? Берто соңғы алты кездесудің үшеуінде жеңіліп қалды. Оған қарағанда әлдеқайда жақсы қарсыластар бар. Менің ойымша, бокстың парасатты әуесқойлары өздеріне өздері неге деген сұрақты қойып жүрген шығар", - деп келтірді TMZ Мерчанттың сөзін.

"Мейвезер үшін қызықтырақ жекпе-жек Головкинмен болады. Бірақ ол Геннадийден қорқады, сондықтан жұдырықтаспайды", - деді Ларри Мерчант.

Айта кетейік, осы сенбіде Лас-Вегаста (АҚШ) кіші Флойд Мейвезер өзінің отандасы Андре Бертомен жұдырықтасады.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай