Куба қабыландары Ресей құрамасын күйрете жеңді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Куба қабыландары Ресей құрамасын күйрете жеңді Фото: flickr.com

Кеше түнде WSB жобасындағы жартылай финалдық кездесудің біреуі аяқталып, Куба боксшылары Ресей құрамасын 5:0 есебімен күйрете жеңді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Кеше түнде WSB жобасындағы жартылай финалдық кездесудің біреуі аяқталып, Куба боксшылары Ресей құрамасын 5:0 есебімен күйрете жеңді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бұл екінші кездесу болатын. Мәскеуде өткен бірінші кездесуде де 3:2 есебімен "Cuba Domaderos" клубы жеңіске жеткен-ді. Гаванада өткен екінші кездесуде Бостандық аралының күрзі жұдырықты жігіттері "Russian Boxing Team" комадасын айқын басымдықпен ұтты. Есеп – 5:0.

Енді Куба қабыландары бүгін кешке Бакуде өтетін екінші жартылай финалдық кездесудің нәтижесін тосады. "Баку оттары" мен "Астана Арландары" арасындағы екінші кездесуде ақтық сында айқасатын қарсыласы анықталады.

Астанада өткен бірінші кездесуде Қазақстан клубы жеңіске жеткен болатын. Бірақ 3:2 есебімен ғана басым түскен-ді. Енді бар мәселе Бакуде шешіледі.

WSB жобасы. Жартылай финал. Екінші кездесу.
"Cuba Domaderos" – "Russian Boxing Team" – 5:0

49 келі: Леодан Нуньес (Куба) – Овик Оганисян (Ресей) – 3:0 (50:45, 49:46, 50:45)
56 келі: Ласаро Альварес (Куба) – Константин Богомазов (Ресей) – 3:0 (50:45, 48:47, 49:46)
64 келі: Рониэль Иглесиас Сотолонго (Куба) – Андрей Замковой (Ресей) – 3:0 (49:46, 50:45, 50:45)
75 келі: Хулио Сесар Ла Круз (Куба) – Александр Хотянцев (Ресей) – 3:0 (50:45, 50:45, 50:45)
91 келі: Хосе Анхель Лардуэт (Куба) – Магомед Омаров (Ресей) – 2:1 (48:47, 48:47, 47:48)

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети