Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (38-1-1, 34 КО) промоутері Том Леффлер Hoy Los Angeles басылымына берген сұхбатында мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (51-1-2, 35 КО) жекпе-жекке бірден рұқсат бермеген Бүкіләлемдік бокс кеңесін (WBC) сынады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

4 мамырда Альварес IBF чемпионы америкалық Дэниэл Джейкобспен (35-2, 29 KO) жұдырықтасады.
Головкин мен Альварес арасындағы 2017 жылғы Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында өткен алғашқы жекпе-жек тең аяқталды. Ал 12 ай өте дәл осы орында мексикалық төрешілер шешімімен жеңіп, қазақстандықтың барлық чемпиондық белбеуін тартып алған еді.
Леффлердің ойынша, WBC Альваресті басқа қарсыласпен жұдырықтастырмай, бірден Головкинге қарымтаға міндеттеуі керек еді.
"Осындайда қарның ашады. Меніңше, өкініштісі WBC "Канелоны" міндеттесе, ол өткендегідей белбеуден бас тартатынын түсінді. Қазір ол WBC титулын қалдырып кетіп, WBA титулы үшін ғана жұдырықтасатын еді. Бокста саясат көп. Үшінші жекпе-жекті көретін болсақ... Бірден болмаса да, жанкүйерлер жалғасын көргісі келеді. Екінші жекпе-жек алғашқысынан жақсы болды, ал екіншісі үшіншісінен артық болары сөзсіз. Өткен жолы WBC санкциясын дереу алдық, өйткені алғашқы жекпе-жектегі шешім даулы болды.
WBC ұйымының шетелдік төрешілерінің көбі, аренадағы жекпе-жекті көргендері маған GGG жеңгенін айтты. Меніңше, WBC үшінші жекпе-жекке санкция бермегені қателік", - дейді Леффлер.