Промоутер Том Леффлер қазақстандық боксшы Геннадий Головкинның жекпе-жегі жайлы жаңалықтың таяуда шығатынын айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Промоутер Том Леффлер қазақстандық боксшы Геннадий Головкинның жекпе-жегі жайлы жаңалықтың таяуда шығатынын айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Таяуда Головкин Лас-Вегаста америкалық Андре Уорд пен ресейлік Сергей Ковалевтің жекпе-жегін тамашалаған. Кездесу Уордың жеңісімен аяқталды. Ал Головкинның есебінше, Ковалев жеңімпаз атануы тиіс болған.
"Лас-Вегаста тамаша бокс кеші болды. Қазір GGG Парижге бара жол тартты, онда Jordan компаниясының шарасына қатысады. Жекпе-жек жайлы жаңалықты алдағы уақытта күтіңіздер", - деп жазды Леффлер Twitter желісіндегі парақшасында.
Қазірі уақытта Головкинның командасы Дэниэл Джейкобспен келіссөз жүргізіп жатыр. WBA белбеуіне талас жекпе-жегі желтоқсанда болуы керек еді, алайда америкалық оны 2017 жылға шегеруді сұрады. Соңғы сұхбатында Джейкобс Головкинмен наурыз айында жұдырықтасатынын мәлімдеген еді.