IBF чемпионы Давид Лемье (34-2, 31 КО) қазақстандық Геннадий Головкинді сегізінші раундта нокаутқа түсіруге уәде берді, - деп хабарлайды Vesti.kz.
IBF чемпионы Давид Лемье (34-2, 31 КО) қазақстандық Геннадий Головкинді сегізінші раундта нокаутқа түсіруге уәде берді, - деп хабарлайды Vesti.kz.
"Мен GGG-ді сегізінші раундта нокаутқа жіберемін. Бұл туралы бәріне айтуларыңызға болады. Мен бокс тарихына өз атымды енгізгім келеді, мені бүкіл әлем білгенін қалаймын", - деді канадалық боксшы.
Еске сала кетейік, Давид Лемье мен Геннадий Головкин 17 қазанда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасына жұдырықтасады. Бәске WBA (Super), IBO, WBC (Interim) және IBF чемпиондық белбеулері тігіледі. Сонымен бірге, бұл екі боксшының да PPV-дағы (ақылы трансляция жүйесі) бірінші кездесуі болмақ. Кездесуді "Қазақстан" телеарнасынан тікелей эфирде көруге болады.