WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы ұлыбританиялық Билли Джо Сондерс (25-0, 12 КО) The Sunday Telegraph басылымына берген сұхбатында осы салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкинмен (37-0-1, 33 КО) немесе мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (49-1-2, 34 КО) жекпе-жек өткізуге қатысты пікірін білдірді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Айта кетейік, Билли Джо Сондерс 16 желтоқсанда Канадада 2015 жылы Головкиннен мезгілінен бұрын жеңілген экс-чемпион Давид Лемьемен (38-3, 33 KO) кездесу өткізеді.
"Головкин мен "Канелоның" менен қорықпайтынын білемін, бірақ мен бұл кездесудің олар үшін де қауіпті болатынын айтқым келеді. Мен олардың не ойлап отырғандарын білемн. Олар үлкен қаражат үшін кездесу өткізді. Оларды бұл үшін кінәламаймын да. Бірақ мен үздіктермен жұдырықтасқым келеді. Лемье мықты боксшы. Оны жеңе алмасам, меніңше, мен Головкин мен "Канеломен" рингке шығуға лайықты емеспін", - деді ұлыбританиялық боксшы.
Сондай-ақ, Билли Джо Сондерс жекпе-жек өткізіуге дайын екенін және керек болса, ертең-ақ кездесу өткізуге дайын екенін айтты.