05 ақпан 2018 | 17:01

Левит боксты Олимпиада ойындарынан алып тастау туралы әңгімеге қатысты пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

2016 жылы Риоде өткен Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Василий Левит бокстың 2020 жылғы Олимпиада ойындарынан алып тасталуы мүмкіндігі туралы ойын айтты. Vesti.kz порталының тілшісіне берген сұхбатында боксшы мұндай әңгіме шындыққа жанаспайтынын айтты. 


Иконка комментария блок соц сети

2016 жылы Риоде өткен Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Василий Левит бокстың 2020 жылғы Олимпиада ойындарынан алып тасталуы мүмкіндігі туралы ойын айтты. Vesti.kz порталының тілшісіне берген сұхбатында боксшы мұндай әңгіме шындыққа жанаспайтынын айтты. 

Еске салайық, қазіргі уақытта Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) боксты 2020 жылы Токиода өтетін Олимпиада бағдарламасынан шығарып тастауды қарастырып отыр. Бұл туралы ХОК-тың басшысы Томас Бах айтты. 

"Боксты Олимпиада ойындарынан шеттетеді дегенге сену қиын. Менің ойымша, бұл қисынға келмейтін нәрсе. Өйткені, бокс Олимпиададағы ең қызықты спорттың түрі. Сондықтан да боксты Олимпиададан шеттетеді деген әңгімеге сенбеймін", - дейді Левит. 

Айта кетейік, МОК мұндай мәлімдемені AIBA ішіндегі проблеммаларға негіздеп айтып еді. Комитет ұйымның басшыларына, қаржылық жағдайына және Олимпиада кезінде төрешілердің әділ жұмыс істеуіне күмәнмен қарап отыр. ХОК басшылары Риода өткен Олимпиадада екі жекпе-жек күмән келтіреді екен.

Оның біріншісі ресейлік Евгений Тищенко финалда қазақстандық Василий Левитті жеңген кездесу болса, екіншісі тағы бір ресейлік боксшы Владимир Никитен мен ирландиялық Майл Конлан арасындағы кездесу.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети