Левит-Тищенко даулы жекпе-жегіне қатысты қорытынды шешім шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Левит-Тищенко даулы жекпе-жегіне қатысты қорытынды шешім шықты

Халықаралық Олимпиада комитеті Левит - Тищенко даулы жекпе-жегіне қатысты соңғы әрі нақты шешім шығарды. Ұйым президенті Томас Бах AIBA-ның (Олимпиада боксының халықаралық ассоциациясы) Лозаннадағы атқару комитетінің отырысы қорытындысы бойынша жұмысын жоғары бағалады. Бұл туралы "Чемпионат" хабарлады.

ХОК Бразилияда өткен 2016 жылғы Олимпиадада төрешілердің тарапынан жекпе-жек нәтижелерін шығаруында жемқорлық немесе айла-шарғы жасау деректері расталмағанын мәлімдеп отыр.

"ХОК AIBA-ның түбегейлі өзгеріс енгізу жолындағы ынта-ұмтылыстарына қолдау көрсетеді. AIBA жаңару жолында айтарлықтай дами түсті. Терең өзгеріс енгізу үшін уақыт қажет екенін түсінеміз және AIBA-ға уақыт беріп, барлық қажетті көмекті аямаймыз", - деді Бах.

Еске салайық, Василий Левит 2016 жылы Риода өткен Олимпиада ойындарында күміс жүлдегер атанған. Кейін бұл кездесу нәтижесіне наразы болғандар көбейген. Бұл Олимпиада ойындарында ресейлік боксшы Владимир Никитин мен ирландиялық Майл Конлан арасындағы кездесу де даумен аяқталған.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети