16 тамыз 2016 | 10:43

Левитті жеңген ресейлік Евгений Тищенко мәлімдеме жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© АҒР © АҒР

Ресейлік боксшы Евгений Тищенко Олимпиада ойындарының финалындағы төрешілік туралы өз пікірін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz. Еске салайық, ақтық кездесуде төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен ресейлік Евгений Тищенко қазақстандық Василий Левитті 3-0 есебімен жеңді деп тапқан.


Иконка комментария блок соц сети

Ресейлік боксшы Евгений Тищенко Олимпиада ойындарының финалындағы төрешілік туралы өз пікірін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz. Еске салайық, ақтық кездесуде төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен ресейлік Евгений Тищенко қазақстандық Василий Левитті 3-0 есебімен жеңді деп тапқан.

"Төрелік ету бойынша наразылықтар маған айтылмауы керек. Жекпе-жектің сырттан қалай көрінгенін білмеймін. Мен өз жеңісіме қуаныштымын. Егер Василий Левитке әділетсіздік жасаған болса, онда мен шын көңіліммен Василиге көңіл айтамын. Барлық қазақстандық командаға және жанкүйерлерге обал болды. Алайда, егер осы кездесуде жеңісті маған берсе яғни олардың себебі болған шығар. Қайталап айтамын, мен сырттан бақылай алмаймын. Мен рингте болдым, олардың әрекетін көре алмадым", - деді Тищенко.

Левиттің өзі жеңісіне сенімді болды. Алайда төрешілер басқаша шешті. "Төрешілер жеңіске менің жетпегенімді сезген шығар. Барлық боксшы сияқты менде алтын алуға келдім. Соңғы кезеңде кері қадам бастым. Жарыста берілген тапсырманы толығымен орындадым деп ойламаймын. Шынымды айтсам, мен жеңдім деп ойладым. Жаттықтырушылар менің тактикалық тапсырмаларды орындағаныма риза. Міне, осылай болды. Мен мұны сырттан қарауым керек - тыныш отырып, теледидардан көруім керек. Мен жанкүйерлердің наразылығын естідім. Болып жатқан жағдайды бағалай алмадым", - деді Левит. Сұхбаттың толық нұсқасын мына жерден оқи аласыздар.

Тищенкоға жеңіс берілген кезде залда жиналған жанкүйерлердің бәрі ысқырып, төрешілердің шешіміне өз наразылықтарын білдірді. Сонымен қатар, Ресейлік БАҚ өкілдері финалда Тищенконы қараған дәрігер оны Левиттен аман алып қалды деп санайды.

Бүгінде жанкүйерлер ғана емес, көптеген спорт мамандары да төрешіліктің әділ болмағаны жайында айтып отыр. Сондай-ақ орта салмақтағы WBC мен WBO атағы бойынша экс-чемпион Серхио Габриэль Мартинес бұл жекпе-жекте Левиттің жеңіске жеткенін мәлімдеді. Ал промоутер Лу Дибелла AIBA-ны мафия деп атады.

Кәсіби бокстан WBC және WBO нұсқалары бойынша әлемнің экс-чемпионы Серхио Мартинес Twitter желісіндегі парақшасы арқылы Рио-2016 Олимпиадасындағы бокс бәсекесіне қатысты пікір білдірді. Ол 91 келіге дейінгі салмақ дәрежесі бойынша финалдық жекпе-жекте төрешілер Василий Левитке әділетсіздік жасады деп есептейді. "Менің ойымша, 91 келіге дейінгі салмақта Қазақстаннан келген жеңді", - деді Серхио Мартинес.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.34   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети