Ғалым Кенжебаев бастаған бокстан Қазақстан құрама командасының бапкерлер құрамына сөгіс жарияланды, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Ғалым Кенжебаев бастаған бокстан Қазақстан құрама командасының бапкерлер құрамына сөгіс жарияланды, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Қазақстан бокс федерациясының бапкерлер штабы Екатеринбургте өткен әлем чемпионатының қортындысын сараптай келе осындай шешім шығарды. Нақты алғанда жартылай финалда Василий Левит өнер көрсеткеннен кейін, қазақстандық боксшының көмекшілері жекпе-жек қорытындысына шағымдана алатын еді және міндетті де еді.
Ереже бойынша, бапкер төрешілерге жекпе-жектен кейін 60 секунд ішінде сары қағаз көрсетуі қажет. Алайда көмекшілер бұл мүмкіндікті бірден пайдаланбаған, ал рингке келгенде уақыт өтіп кеткен.