24 қазан 2018 13:17

Ломаченко Головкинмен бір бокс кешінде өнер көрсетуі мүмкін бе?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© YouTube © YouTube

Жеңіл салмақта WBA (Super) чемпионы украиналық Василий Ломаченко (11-1, 9 КО) орта салмақтағы бұрынғы чемпион қазақстандық Геннадий Головкинмен (38-1-1, 34 КО) бір бокс кешінде жұдырықтасуға қандай жағдайда келісетінін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz

Villainfy Media арнасының "Головкиннің ESPN-ге келуін мақұлдайсың ба және онымен бір кардта шығар ма едің?" - деген сұрағына Ломаченко былай деп жауап берді: "Басты жекпе-жек кімдікі болады? Менікі мэйнивентте болса - иә, егер басты болмаса, онда жоқ".

Сонымен қатар, украиналық Головкин мен "Канело" Альварес (50-1-2, 34 КО) арасындағы қарымтаға қатысты ойын айтты.

"Екеуі де теңдей болды, бірақ, соңғы раундты "Канело" ұтты деп ойлаймын. Теңдей өткен жекпе-жек. Қарымта тең аяқталған алғашқы жекпе-жек сияқты болды. Бірақ біріншісі тең болмады. Головкин алғашқы кездесуде жеңді деп ойлаймын. Екінші рет жұдырықтасқанда шынымен тең түсті", - дейді Ломаченко Fight Hub TV арнасына.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети