Лос-Анджелес мэрі Головкинге сәттілік тіледі

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Вoxingscene.com © Вoxingscene.com

Лос-Анджелес мэрі Эрик Гарсетти қазақстандық боксшы Геннадий Головкинге сәттілік тіледі, - деп хабарлайды Vesti.kz "ВКонтакте" әлеуметтік желісіндегі GGG тобына сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Лос-Анджелес мэрі Эрик Гарсетти қазақстандық боксшы Геннадий Головкинге сәттілік тіледі, - деп хабарлайды Vesti.kz "ВКонтакте" әлеуметтік желісіндегі GGG тобына сілтеме жасап.

22 сәуірде Инглвудте (Калифорния, АҚШ) Геннадий Головкин мен Доминик Уэйд жекпе-жегі алдындағы самақ өлшеу рәсімі өткен болатын. Екі боксшы да тиісті межеден асқан жоқ. Головкин өз кезегінде 159 фунт (72,1 келі) салмақ көрсетсе, Уэйд 159,6 фунт (72,4 келі) болды.

Тofight.ru порталының мәліметінше, Уэйд бойының ұзындығына байланысты кездесуден еш қорықпайтынын айтқан. "Мен нағыз ит сияқтымын. Менде энергия да, күш те өте көп. Мен қалжыңдап тұрғам жоқ, мен оны жеңе аламын", - деді америкалық боксшы.

Еске сала кетейік, Головкин мен Уэйд арасындағы жекпе-жек 23 сәуірде Лос-Анджелестегі "Форум" аренасында өтеді. Қазақстандықтар кездесуді Астана уақыты бойынша 24 сәуір күні "Қазақстан" арнасынан тікелей эфирде көре алады. Трансляция сағат 07.20-да басталады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer