Отандасы Уго Сентеноны жеңген америкалық боксшы Джермалл Чарло қазақстандық Геннадий Головкинмен жұдырықтасқысы келетінін айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.
Отандасы Уго Сентеноны жеңген америкалық боксшы Джермалл Чарло қазақстандық Геннадий Головкинмен жұдырықтасқысы келетінін айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.
"Бұл жерге дейін жету үшін таңғажайып саяхат болды. Мен әлемнің екі дүркін чемпионымын. Маған GGG-ді әкеліңдер. Мен сол жекпе-жекті қалаймын. Бұл кездесуді ұйымдастыруға болатынын біздің команда түсінеді. Менде әлемдегі ең жақсы менеджер бар. Менде осымен 27 жеңіс, олардың 21-і нокаут. Мұны барлығы көріп отыр. Мен басқа не дей аламын? Менен барлығы қашатын, бұдан кейін де солай болады. Не болып жатқанын көріп отырсыздар", - деп мәлімдеді Чарло.
Айта кетейік, Чарло екінші раундта Сентеноны нокаутқа түсірді, сөйтіп Головкинге тиесілі WBC белдігіне таласушы міндетті үміткер атанды.
Чарло Нью-Йорктегі бұл жекпе-жегі үшін 500 мың доллар алды, Сентено - 235 мың.