Маған Майк Тайсон сияқты көше стилінде жұдырықтасқан ұнайды - Головкин

ПОДЕЛИТЬСЯ

Маған Майк Тайсон сияқты көше стилінде жұдырықтасқан ұнайды - Головкин © Кazsport.kaztrk.kz

Геннадий Головкин көше стилінде жұдырықтасқан ұнайтынын мәлімдеді. Канадалық Лемьемен болатын жекпе-жекте ол осы бағытынан айнымайтынын айтты. Бұл туралы Vesti.kz жазды.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Геннадий Головкин көше стилінде жұдырықтасқан ұнайтынын мәлімдеді. Канадалық Лемьемен болатын жекпе-жекте ол осы бағытынан айнымайтынын айтты. Бұл туралы Vesti.kz жазды.

"Бұл үлкен жекпе-жек болады. Мұның көрермендерге үлкен сый болары анық. Бокс - ойын емес. Алдағы жекпе-жекте кімнің нағыз чемпион екенін білеміз. Өзімді сынап көру мен үшін өте маңызды. Бұл шайқас менің жаңа тарихымның басы болады. Бұл - біріктірілген алғашқы ақылы жекпе-жек. Маған шайқасқан ұнайды, әрқашан қарсыласымды нокаутқа түсіруге ұмтыламын", - деді Головкин.

Головкин өзін "ескі мектептің" боксшысымын деп есептейтінін айтты. "Сол себепті бұл нағыз шайқас болады. Кезінде Марвин Хаглер, Томми Хирнс және Шугар Рэй Леонардтар осылай жұдырықтасқан, - деді ол. - Стиль туралы айтар болсақ, Мейвезердің стилі компьютер ойынындағыдай. Оны бәрі біледі. Ал менің стилім көше төбелесіне ұқсайды, өте шынайы. Майк Тайсонның стилі сондай болған".

Айта кетейік, екі боксшы арасындағы кездесу 17 қазанда Madison Square Garden аренасында өтеді. Астана уақыты бойынша жекпе-жек жексенбі, 18 қазан күні таңертең басталады. "Қазақстан" телеарнасы таңғы сағат 7:55-тен бастап кездесуді тікелей трансляциялайды.

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети