Майк Тайсон сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық құрбаны болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Майк Тайсон сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық құрбаны болды © REUTERS/Damir Sagolj

Майк Тайсон бала кезінде сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық құрбаны болды. Бұл туралы ауыр салмақта бокстан әлемнің абсолют чемпионы ESPN телеарнасына берген сұхбатында мәлімдеді. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Майк Тайсон бала кезінде сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық құрбаны болды. Бұл туралы ауыр салмақта бокстан әлемнің абсолют чемпионы ESPN телеарнасына берген сұхбатында мәлімдеді. 

"Мен мұны ешкімге айтқан емеспін. Менің басымнан өткен бұл оқиға мені нағыз ер болуыма кері әсерін берген жоқ. Өткен іс менің өміріме қатты әсерін бермеді", - деді Тайсон. 

Боксшы қылмыскердің оны күштеп бір ғимаратқа кіргізіп алып, тиіскенін айтқан. Оның айтуынша, осы жағдай оған бокспен айналысуына түрткі болған. 

Тайсон кәсіпқой бокста 1985-2005 жылдары аралығында өнер көрсетті. Ол 58 кездесу өткізіп, 50-інде жеңіске жетті (44 - мерзімінен бұрын), алты рет жеңіліс тапты және екі жекпе-жегі іске аспай қалған кездесулер ретінде жазылды.

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети