Жартылай жеңіл салмақта UFC чемпионы Конор Макгрегор мансабын аяқтағанын мәлімдеді. Ирландиялық спортшы бұл жөнінде Twitter желідегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Жартылай жеңіл салмақта UFC чемпионы Конор Макгрегор мансабын аяқтағанын мәлімдеді. Ирландиялық спортшы бұл жөнінде Twitter желідегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Vesti.kz.
"Мен спорттан жас кезімде кетуді ұйғардым. Барлығыңызға рахмет. Кейін көрісеміз", - деді МакГрегор. Оның мұндай қадамға баруына не себеп болғаны әзірше белгісіз.
Еске салайық, МакГрегор биыл UFC титулын қорғау кезінде алғаш рет жеңіліске ұшыраған болатын. Ол 9 шілдеге Нэйт Диаспен реванш өткізуі тиіс болған.
МакГрегор мансабында 22 кездесу өткізіп, үш рет жеңіліске ұшырады. Диаспен жекпе-жегі үшін ол UFC үшін ең жоғары гонорар - миллион доллар алды.