МакГрегор Мейвезерді екі раундта нокаутқа түсіремін деп ант су ішті

ПОДЕЛИТЬСЯ

МакГрегор Мейвезерді екі раундта нокаутқа түсіремін деп ант су ішті Конор МакГрегор. © Eurosport

Невада штатының Атлеттер комиссиясы келесі аптада Мейвезер - МакГрегор жекпе-жегінің қатысушыларына 8 унциялық қолғаппен жұдырықтасу туралы өтінішін қарайды, - деп хабарлайды vRINGe.com.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Невада штатының Атлеттер комиссиясы келесі аптада Мейвезер - МакГрегор жекпе-жегінің қатысушыларына 8 унциялық қолғаппен жұдырықтасу туралы өтінішін қарайды, - деп хабарлайды vRINGe.com.

Жалғасы

Ереже бойынша 10 унциялық қолғаптар бірінші орта салмақта (69,8 келіден жоғары) және одан жоғары категорияда жұдырықтасуға арналған. Флойд Мейвезер (49-0, 26 КО) мен Конор МакГрегор (21-3 ММА-да) мұның алдында 69,8 келі лимитінде жұдырықтасуға келіскен. 

Ирландиялық файтер Невада штатының Атлеттер комиссиясы 8 унциялық қолғаппен жұдырықтасуға рұқсат берсе, Мейвезер екінші раундтан аспай нокаутқа түсетінін мәлімдеген болатын. 

"Невада штатының Атлеттер комиссиясы 8 унциялық қолғам киіуге рұқсат берсе, Құдайыммен ант етемін, Флойд екі раундтан ары қарай бара алмайды. Одан ерте құлатып тастай аламын, бірақ бұл ойында рефери оның басын ринг канвасына қадауға рұқсат бермейді, ол Флойдқа қайта қалпына келуіне 10 секунд береді. Бұл оның бірінші раундта жеңіліс таппауына жалғыз ғана мүмкіндік", - деп мәлімдеді МакГрегор.

Еске салайық, бұл жекпе-жек 26 тамызда Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында бокс ережесі бойынша өтеді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети