Мартиросян Головкинді жеңе алады - WBC басшысы

19 Сәуір 2018, 16:24
0
Мартиросян Головкинді жеңе алады - WBC басшысы - © NEWS.am Sport
© NEWS.am Sport

Бүкіләлемдік бокс кеңеснің (WBC) президенті Маурисио Сулейман америкалық Ванес Мартиросянның (36-3-1, 21 КО) Геннадий Головкинді (37-0-1, 33 КО) жеңіп кетуі мүмкін екенін айтады, деп хабарлайды vringe.com порталы.

"Мартиросян - өте тәжірибелі боксшы. Ол мықтылармен жұдырықтасып, жеңіске де жеткен. Ол біздің "күміс" чемпионымыз (уақытша чемпион - ред) болған. Мартиросямен жұдырықтасуды ұсынған соң бес боксшы онымен кездесуден бас тартты. Ол ұзақ уақыт қатардағы жекпе-жектің өзін күткен еді. Бірақ қазір оның орта салмақта чемпиондық белбеуге таласуға мүмкінгі бар. Ол Головкинді жеңе алады. Өйткені, чемпионды алаңдататын көп нәрселер бар", - дейді Сулейман.

"5 мамыр күні жекпе-жектің өтетініне қуаныңыздар. Оның үстіне бұл күні чемпиондық кездесу өтеді. Бұл спорт үшін маңызды", - деп атап өтті WBC президенті.

Еске салайық, Головкин мен Мартиросян арасындағы кездесу 5 мамыр күні Лос-Анджелес қаласының маңындағы Карсон қаласындағы StubHub Center спорт кешенінде өтеді. Бұл кездесуді отандасымыз WBC, WBA (Super) және IBO белбеулерін қорғайды. Ал IBF белбеуі ұйым келісімшарты бойынша бұл жекпе-жекте сарапқа салынбайды.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай