Мартиросян Головкинге қарсы өтетін жекпе-жекке қалай дайындалып жатыр?

28 Сәуір 2018, 13:30
0
Мартиросян Головкинге қарсы өтетін жекпе-жекке қалай дайындалып жатыр? - Ванес Мартиросян. © hyefighters.com
Ванес Мартиросян. © hyefighters.com

Желіде орта салмақтағы америкалық боксшы Ванес Мартиросянның (36-3-1, 21 КО) осы салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкинге (37-0-1, 33 КО) қарсы қалай дайындалып жатқаны туралы видеосы жарияланды, - деп хабарлайды Vesti.kz

Мартиросян - шыққан тегі армян боксшы. Бірақ қазіргі уақытта АҚШ намысын қорғайды. Оның жаттығу залында ұлттық аспаптармен Арменияның дәстүрлі мелодиясын ойнап тұрған топ жүр. Осылайша, боксшы алдағы кездесуге рухтанып, дайындалып жатыр екен.

Еске салайық, Мартиросянға қарсы кездесуде Головкин WBA (Super), IBO және WBC белбеулерін қорғайды. Ал IBF бұл кездесуді мақұлдамағандықтан, қазақстандық боксшы бұл белбеуін қорғамайды. Жекпе-жек 5 мамыр күні Карсон қалашығындағы (Калифорния штаты, АҚШ) StubHub Center спорт кешенінде өтеді. Бұл кездесуде Мартиросян жекпе-жекке екі ай қалғанда допингпен ұсталған Сауль "Канело" Альварестің орнына басады. 

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай