1. Басты
  2. Біл
  3. Спорт
  4. Бокс

Мартиросян нокаутқа дейін ұпай айырмасымен жеңіп тұрған - Статистика 06 мамыр 2018, 12:46

WBC, WBA (Super), IBF және IBO титулдарының иегері қазақстандық Геннадий Головкин мен америкалық Ванес Мартиросян арасындағы жекпе-жектің статистикасы
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек

WBC, WBA (Super), IBF және IBO титулдарының иегері қазақстандық Геннадий Головкин мен америкалық Ванес Мартиросян арасындағы жекпе-жектің статистикасы жарияланды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Ұпай айырмасы бойынша Мартиросян ұтып тұрған, бірінші раундты 9-10 есебімен америкалық жеңген. 

Алайда екінші раундта отандасымыз соққыларын үдетіп, қарсыласын нокаутқа түсірген. 

36 жастағы қазақстандық боксшы осымен 38-ші жеңісіне қол жеткізіп отыр, оның 34-і нокаутпен аяқталған. 32 жастағы Мартиросян болса карьерасында төртінші рет жеңілді. Қазақстандық WBA титулын 19-шы рет, IBO титулын 17 ал WBC титулын төртінші рет қорғап қалып отыр. Осылайша отандасымыз Бернард Хопкинстің әлем чемпионы титулын 20 мәрте қорғап қалған боксшы ретінде рекордты қайталады.



Firebase Cloud Messaging