Майк Тайсон Головкин - "Канело" жекпе-жегінде мексикалыққа жанкүйер болғанын айтты

Майк Тайсон Головкин - "Канело" жекпе-жегінде мексикалыққа жанкүйер болғанын айтты © AP Photo / Gene J. Puskar

Супер ауыр салма?та ?лемні? б?рын?ы абсолют чемпионы Майк Тайсон орта салма?та WBA (Super), IBO, WBC ж?не IBF т?жырымдары бойынша ?лем чемпионы ?аза?станды? боксшы Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) мен мексикалы? Сауль "Канело" Альварес арасында 16 ?ырк?йекте ?ткен жекпе-жегі туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды  Vesti.kz.

Супер ауыр салмақта әлемнің бұрынғы абсолют чемпионы Майк Тайсон орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес арасында 16 қыркүйекте өткен жекпе-жегі туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды  Vesti.kz.

"Мен "Канелоға" жанкүйерлік еттім, алайда кездесу тең аяқталды. Бұл ең дұрыс шешім болды. "Реваншта кім жеңетінін көреміз", - деді Тайсон Fight Hub TV арнасына берген сұхбатында. 

Сонымен қатар, Тайсон өзін Головкиннің фанаты деп есептейтінін айтты, оның айтуынша қазақстандық боксшының мәнері ұнайды екен. 

Реклама
Реклама

"Мен Головкиннің фанатымын. Бүгінде ол pound-for-pound нұсқасы бойынша ең үздік боксшы. Жекпе-жекте ол тек жәй шабуылшы емес, тумасынан жеңімпаз. Ол шаршы алаңға шыққанда ұпаймен жеңуді көздемейді, ол қарсыласын әбден әуре сарсаңға салады. Головкин көрермендердің не көргісін біледі және соны істейді", - Тайсон. 

Головкин мен Альварестің командалары екінші жекпе-жек өткізу үшін келіссөздерді бастап кетті. Олар 2018 жылы 5 мамырда шаршы алаңда қайта кездесуі мүмкін.

Айта кетейік, 2017 жылы 16 қыркүйекте Лас-Вегаста өткен жекпе-жек  қорытындысы бойынша Головкин мен Альварес тең түсіп, Головкин барлық титулын сақтап қалды.

Сондай-ақ, кейінірек жекпе-жектің толық видеосы жарияланды. Сонымен қатар, Спорттық комиссия басшысы "Канелоның" пайдасына дауыс берген төрешіні шеттетті.

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама