Ауыр салмақта әлемнің бұрынғы абсолют чемпионы Майк Тайсон Калифорния штатында заңды әрі медициналық қажеттіліктер үшін есірткі өсіретін ферма ашқанын жариялады, - деп хабарлайды AllBoxing.Ru.
Ауыр салмақта әлемнің бұрынғы абсолют чемпионы Майк Тайсон Калифорния штатында заңды әрі медициналық қажеттіліктер үшін есірткі өсіретін ферма ашқанын жариялады, - деп хабарлайды AllBoxing.Ru.
"Тайсонның ранчосы" атты ферма Калифорния-сити қаласының маңында орналасқан. Ашылу салтанатында осы жергілікті мекеннің мэрі және Тайсонның кәсіптегі серіктестері болды.
"Тайсонның ранчосы" атты фермада медициналық салада каннабиноидтық заттарды қолдану және зерттеу жұмыстары қолға алынады.
Mmaboxing.ru басылымының мәліметінше, спортшылар көбіне осы сауданың өкілі болады екен. Бұрынғы UFC чемпионы Энтони Джонсон спорттық мансабын аяқтап, осы іспен айналысуға көшкен. Bellator жарысында өнер көрсетіп жүрген Георгий Караханян кәсіпқой спортшылар арасында тұңғыш рет осындай өндіруші фермалардың бірін жарнамалау үшін келісімшарт жасасқан.