Мейвезер МакГрегорды нокаутпен жеңеді - Боб Арум

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мейвезер МакГрегорды нокаутпен жеңеді - Боб Арум СПОРТ bigmir)net

Америкалық промоутер Боб Арум салмақ категориясына қарамастан әлемнің үздік боксшылары рейтингінде бұрын бірінші орында тұрған Флойд Мейвезер UFC жұлдызы ирландиялық файтер Конор МакГрегорды бокс ережесімен өтетін жекпе-жекте нокаутпен жеңеді деп есептейді, - деп хабарлайды "Чемпионат.com".

"Мейвезер - қорғаныстан бастап шабуылға шығатын боксшы, ол көп соққы жасамайды, қорғануға ғана тырысады. Ол өте жақсы боксы. Меніңше, Мейвезер басымдығын көрсетіп, МакГрегорды нокаутқа түсіреді", - деп келтіреді Арумның сөзін BoxingScene.

Боб Арум

Еске салайық, жекпе-жек 26 тамызға белгіленген және ол бокс ережелері бойынша өтеді. Лас-Вегастың T-Mobile аренасында өтетін бұл кездесуді ақылы трансляциялар жүйесі (PPV) арқылы көрсетеді. БАҚ мәліметі бойынша, Мейвезер - МакГрегор жекпе-жегінің жалпы табысы 500 миллион фунт (636 миллион доллардай) болады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети