Мейвезер мансап жолындағы соңғы кездесуін кімге қарсы өткізеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мейвезер мансап жолындағы соңғы кездесуін кімге қарсы өткізеді ©RingTV

Америкалық Флойд Мейвезер кіші мансап жолындағы соңғы кездесуін қыркүйек айында өткізетін болды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Америкалық Флойд Мейвезер кіші мансап жолындағы соңғы кездесуін қыркүйек айында өткізетін болды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Өткен демалыс күндері америкалық боксшы Лас-Вегаста Мэнни Пакьяоны ұпай саны бойынша жеңген еді. 12 раундқа созылған жекпе-жекте америкалықтың еншісіндегі WBA, WBC және Пакьяоның қоржынындағы WBO титулдары тігілген еді. Бірақ ол кездесуден кейінгі баспасөз мәслихатында барлық титулынан бас тартатынын мәлімдеді.

38 жастағы Мейвезер үшін бұл 48 кездесуіндегі 48-ші жеңісі (26-сы нокаутпен). Боксшының әкесі боксшының ағылшын Амир Ханмен (30-3, 19 КО) өткізуі керек екенін айтты.

"Баламның қыркүйек айында кіммен жұдырықтасатынын айтамын. Бұл оның соңғы кездесуі, ал оның шабуылдаушы боксшылармен көп жұдырықтасқандығы себепті, оған өтпелі қарсылас керек. Жеңіл кездесу керек", - деді ол.

"Менің ойымша, Амир Хан бұл кездесу үшін лайықты болады. Менің балам оны ұрып-жығады. Ханды ол Пакьяодан да оңай жеңеді. Амирдің соққысы жақсы, бірақ техникалық жағынан ол Флойдтан қалыс қалады", - деді Мейвезер.

Айта кетейік, Амир Хан рингке 29 мамырда оралады. Жекпе-жекті ол WBO тұжырымындағы бірінші жартылай орта салмақтағы Крис Алгиериге қарсы өткізеді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети