Мейвезердің Головкин-Альварес жекпе-жегіне қатысты ойы өзгеріп шыға келді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мейвезердің Головкин-Альварес жекпе-жегіне қатысты ойы өзгеріп шыға келді © Allboxing

Бес салмақ дәрежесі бойынша бокстан әлемнің бұрынғы чемпионы Флойд Мейвезер бұрынғы қарсыласы Сауль "Канело" Альварес пен қазақстандық Геннадий Головкин арасында өтетін жекпе-жек туралы өз ойын айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz сайтының қазақ бөлімі.

"Канело" мен Головкин жекпе-жегінде жеңіске мықтысы жетсін. Мен "Канеломен" жұдырықтасқанмын, ол кезде мен мықты болдым. Бірақ ол әлі де мықты және жылдам. Қазір ол үшін Головкинмен жұдырықтасатын уақыт па, жоқ па - нақты айта алмаймын. Айтарым - кім мықты, сол жеңеді", - дейді Мейвезер Fighthype.com сайтына берген сұхбатында.

Бұл Флойдтың осы жекпе-жек пен Головкин туралы айтқан алғашқы сөздері емес. Осы уақытқа дейін ол "Головкин қарсыластарын таңдайды" деп сынап, "Канелоның" жеңісіне сенімді болып келген.

Ал БАҚ өкілдері Мейвезер Головкин туралы сұрамаса да жиі сөз қозғайтынын байқап қалды. Ал өзі қарсылас ретінде бокста тәжірибесі жоқ МакГрегорды таңдағаны да айтылды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети