Қазақстандық боксшы қыз Аида Сатыбалдинова кәсіби деңгейдегі екінші жекпе-жегінде жеңіске жетуге ниетті, деп жазады Vesti.kz.
Қазақстандық боксшы қыз Аида Сатыбалдинова кәсіби деңгейдегі екінші жекпе-жегінде жеңіске жетуге ниетті, деп жазады Vesti.kz.
"Мексикадағы жекпе-жегіме дайынмын. Мен дайынмын және мен жеңемін. Менің отбасым және менің елім әрдайым жүрегімде!!!", - деп жазды Сатыбалдинова Instagram парақшасында.
Айта кетейік, Сатыбалдинова бүгін, 22 сәуірде жұдырықтасады. Мексикалық Аннет Пабеллоға қарсы кездесуі Тихуанада (Мексика) өтеді. Пабелломен жекпе-жектен кейін, боксшы қыз 28 сәуірде АҚШ-та келесі кездесуін өткізеді.
Еске сала кетейік, Сатыбалдинова 17 наурызда АҚШ-та кәсіби рингтегі тұңғыш жекпе-жегін өткізді. Ол кезде қарсыласы америкалық Лиза Портер болды. Жекпе-жек төрт раундтан тұрды, алайда төрешілер кімнің мықты екенін анықтай алмады.
2017 жылдың соңында Сатыбалдинова кәсіби бокста еңбек жолын бастау үшін АҚШ-қа аттанды. Ол Америкада бір жекпе-жек өткізді, бірақ әуесқой бокстың ережелері бойынша мексикалық Санди Флоресті жеңді.