Мексикалық боксшы Хулио Сезар Чавес жақын арада Сауль "Канело" Альвареспен жекпе өткізу келісімшартына қол қойылатынын айтты, себебі ол өзінің отандасының қойған шартының барлығына келіскен, - деп жазады Boxingscene.com.
Мексикалық боксшы Хулио Сезар Чавес жақын арада Сауль "Канело" Альвареспен жекпе өткізу келісімшартына қол қойылатынын айтты, себебі ол өзінің отандасының қойған шартының барлығына келіскен, - деп жазады Boxingscene.com.
Чавес салмақ тастауға келісті. Басында келісім бойынша ол 165 фунтқа дейін төмендеуі тиіс болатын, "Канело" осыдан кейін салмағын 164 фунтқа дейін тағы да түсіруін талап етті. Қорытындысында олар 164,5 фунтқа тоқтады.
"Сонымен қатар, қаржы жағы да шешілді, мексикалық қос боксшы осы мәселені көп талқылаған болатын. Чавестің айтуынша, ол "Канеломен" өткізетін жекпе-жек үшін алты миллион доллар және PPV қаралымдарынан өз пайызын алады.
"Менде әзірше келісімшарт жоқ. Алайда біз олар қалаған барлық шартқа келістік. Салмақты 165 фунттан 164,5 фунтқа дейін түсірдік. Менің кепілдендірілген табысымды шештік, бірақ бұл сома мен қалаған ақшаның небәрі 20-30 пайызы ғана. Маған көп адам Альварестің Головкинге істегендіндей әрекет ет деп кеңес берді. Бірақ мен олай жасамадым. Мен бұл жекпе-жекке дайынмын. Маған керегі келісімшартқа қол қоюым үшін құжаттарды алып келсе болғаны", - деді Чавес.
Еске салайық, Twitter желісінде мексикалық боксшылар арасында жанжал шыққан. Альварес Чавестен келісімшартқа тезірек қол қоюын талап еткен, ал Чавес оған қарапайым болуға кеңес берген, себебі, айтуныша, Альварес Головкиннен қашып жүр.